
Ақтоғай кәсіптік - техникалық училишесі 1984 жылы құрылып, 2013 жылы «Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі» коммуналды мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Колледжде тұрақты жоғары кәсіби оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санатты оқытушылар үлесі 45 %. Колледждің педагогтарының барлығы біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірген. 2 педагог Түркия, Беларусь мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. 11 педагог "ТжКБ цифрлық транформация. Халықаралық тәжірибе" тақырыбында Жапония, Финляндия мемлекеттерінің білім саласы бойынша халықаралық онлайн - тағылымдамадан өткен. Колледжде 300 орындық корпус, спорт зал, акт залы, асхана, жатақхана, 12 оқу кабинеті, шеберханалар мен зертханалар бар. Қазіргі заманға ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға Интернет желісіне қосылған компьютер 52.
Колледж жетістіктері
- Колледж 2017 жылы мелекеттік аттестаттаудан және 2020 жылы 30 қарашада Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі "IQAA" тарапынан 2025 жылғы 29 қарашаға дейін 5 жыл мерзімгн институциональды және мамандандырылған аккредиттеуден өткен.
- Колледжге Қарағанды облысысының білім басқармасының 2016 жылғы 31 тамызындағы №300 бұйрығы бойынша модульдік және дуальдік оқыту бағдарламаларын еңгізу бойынша эксперименттік алаң мәртебесі берілген.
- 2019 - 2020 оқу жылында колледж студенті Тлеуқабыл Әділет, жетекші: Совет Арнұр Кәрімұлы, Омаров Турар Рымкулович "Автомобиль көлігі" бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысы аясында өткізілген облыстық макеттер, стендтер, модельдерсайысында "Үздік оқу стендтері" номинациясы бойынша жүлделі 1 орынды жеңіп алған.
- Колледж студенті Мантай Нұрбек, жетекшісі Айбосын Қуаныш техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы "WORLDSKILLS KARAGANDA - 2019" аймақтық чемпионатында "Ветеринария" құзіреттілігі бойынша 3 - ші орынды иеленген.
- Колледж студенті Мұқтар Марслан, жетекші: Омарбай Қайрат техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы "WORLDSKILLS KARAGANDA - 2019" аймақтық чемпионатында "Ветеринария" құзіреттілігі бойынша 3 - ші орынды иеленген.
- Директордың оқу - өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, арнайы пән оқытушысы Қауазов Нұрғалы Қазкенұлы Ақтоғай ауданы әкімінің "Білім беру саласындағы үздігі - 2018" номинациясын жеңіп алған.
- Дуальді оқу жүйесін еңгізгені үшін колледж ұжымы Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен марапатталған.
«АҚТОҒАЙ АГРАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК
ПАСПОРТЫ
|
Директор |
Мусаханов Канат Мусаханұлы |
|
Ашылған жылы |
1984 |
|
Жобалық қуаттылығы |
300 студент, 1 қыркүйек 2025 жылы колледжде 5 топта 70 студент оқиды |
|
Мелекеттік лицензия |
KZ51LAM00000736, берілген күні 20 ақпан 2025 жыл |
|
|
aktogai_14@mail.ru, akt-koll-6770@bilim09.kz |
|
Cайт |
https://aatk.mycollege.kz |
|
Жұмыс телефон |
8(71037)22159, 8(71037)21182 факс |
|
Жатақхана |
жалға алынған |
|
Кабинет |
8 жалпы және арнаулы пән оқу кабинеті, 4 зертхана, 2 шеберхана, спорт зал, акт зал, асхана, медициналық кабинет |
|
Персонал |
Барлық қызметкер- 34, оның ішінде педагог -13, педагог-шебер – 0, педагог-зерттеуші – 0, педагог-сарапшы – 0, педагог-модератор – 4,магистр – 2, бірінші категориялы басшының орынбасары -2, техперсонал - 21 |
|
Спорт зал, акт зал |
спорт зал, ауданы – 275 ш.м. актовый зал, ауданы– 208 ш.м. орын саны - 120. |
|
Асхана (ауданы, орын саны) |
Асхана – 168,1 ш.м., орын саны - 50. Тегін тамақпен қамтылған білім алушылар саны: 70 студент
|
|
Медпункт |
Медициналық кабинеттің жалпы ауданы– 16,3 ш.м. Қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған |
|
Психолог, дефектолог кабинеті
|
Психолог кабинеті - 1 |
|
МТБ жабдықталуы (мультимедиялық кабинет, жаңа модификация кабинеті, лингофон кабинеті, интерактивті тақта және подиум ) |
Интерактивті панель – 3, подиум – 1, видеопроектор – 2. Сонымен қатар колледжде студенттердің өзіне қызмет көрсету орталығы, кәсіби бағдар беру орталығы және жұмысқа орналастыру орталығы бар |
|
Компьютерлер 1 компьютерге оқушы саны |
Компьютер кабинеті - 1. Компьютерлер - 20, ноутбуков – 2, моноблок - 2. Бір компьютерге – 4 студент |
|
Қауіпсіздік |
Бейне камера 24, сыртқы-12, ішкі -12, дабыл беру кнопкасы (ЦОУ), турникет |
|
Оқытылатын мамандықтар |
06120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» 07130100 «Электр жабдықтары» 07150500 «Дәнекерлеу ісі» 07161300«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» 07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» 08410100 «Ветеринария» |
|
Әлеуметтік серіктес кәсіпорындар |
«Берер» ЖШС, «Ақтоғай су» ЖШС, «Алаш» АШ өндірістік кооперативі, «Ақтоғай аудандық ветеринариялық станциясы» КМК, «Ruslan» ЖК автомобиль жөндеу орталығы, «Irkaz Metal Corporation» ЖШС |
|
Дульды оқыту |
07150500 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы - 12 «Берер» ЖШС - 6, «Ақтоғай су» ЖШС - 6 |
Толығырақ
Өз пікіріңізді қалдырыңыз, мүмкін, бұл басқа жастарға таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, сіздің бағалауыңыздан біздің рейтингіміз қалыптасады.
Пікір қалдыру