Педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету

November 27, 2024

Колледждің психологиялық қызметі

Колледждің психологиялық қызметі – бұл студенттерге қолайлы психологиялық жағдай жасауға және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған жүйе. Психологиялық қызметтің басты міндеттерінің бірі - білім алушылардың тұлғасын зерттеу, ұжымға бейімделуге, құрдастарымен және оқытушылармен қарым-қатынас жасауда көмектесу болып табылады.                                                                                                           

   Психологиялық қызметтің мақсатыбілім алушыларға психологиялық қолдау көрсету, олардың денсаулықтарын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, стресске төзімділікті және психологиялық тұрғыда қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Төлеуғазы Айсұлу Төлеубайқызы

Педагог-психолог

+77478475635

Психологиялық қызмет көрсету бойынша психолог Төлеуғазы Айсұлу Төлеубайқызы жұмыс жасайды. Колледж студенттері кез келген уақытта психологтың қызметіне жүгініп, білікті психологиялық көмек ала алады. Мұнда сізге туындаған интеллектуалдық және физикалық психоэмоционалды күйзелістерден оңтайлы шығу жолдарын, өз мүмкіндіктеріңізді саналы тұрғыда дұрыс бағалауды, мақсатқа жетудің және өмірдегі қиындықтарды жеңудің оңтайлы жолдарын өз бетінше табуға көмектеседі.
Сонымен қатар, психолог студенттерге, олардың ата-аналарына, оқытушыларға және әкімшілікке психологиялық кеңестер береді. Студенттер мен олардың ата-аналары әрқашан психологқа кез келген сұрақпен жүгіне алады, кеңес ала алады. Әңгімелесуден басқа, психолог эмоционалды фонды көтеруге, үрей мен күйзелістерден шығуға, сонымен қатар жеке тұлға ретінде өзін-өзі ашуға ықпалын тигізетін жағдаяттарды ойнау, түрлі тесттер мен тренинг сияқты әдістерді ұсынады.
Жекелей жұмыспен қатар топтық жұмыстар да өткізіледі. Нәтижесінде, студенттер бірін-бірі түсінуге және өзара әрекеттесуге, қарым-қатынас мүмкіндіктерін дамытуға, қақтығыстарды шешуге үйренеді. Кез-келген жаттығуды бірлесіп орындау топты біріктіруге, студенттердің көшбасшылық қасиеттерін анықтауға және қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Психологтың оқытушылармен
жұмысы мыналарды қамтиды:

  • Жеке кеңес беру
  • Топтық тренинг
  • Қарым-қатынас мәселелерін шешу
  • Әр баланың даму жоспарын құру
  • Кәсіби бағдар мен құзыреттілікті арттыру

Психологтың студенттермен
жұмысы мыналарды қамтиды:

  • Мәселелерді диагностикалау
  • Мінез-құлықты түзету
  • Психологиялық оңалту
  • Әр жас кезеңінде туындайтын дағдарыстық жағдаяттарда психологиялық көмек және қолдау көрсету

Ата - аналармен жеке консультациялар өткізу мыналарды қамтиды:

  • Баланы тәрбиелеу стилі
  • Жасөспірімдермен қарым-қатынас қиындықтары
  • Психологиялық құзыреттілікті арттыру

Білім алушылармен жүргізілген жұмыстан үзінді

 

 

 

       

    

 

 

Как нас найти

+7 (710) 372 13 09
aktogai_14@mail.ru
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6 үй. Показать адрес на карте
https://aatk.mycollege.kz/