Колледж туралы

Ақтоғай кәсіптік  - техникалық училишесі 1984 жылы құрылып, 2013 жылы «Ақтоғай аграрлық – техникалық колледжі» коммуналды мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Колледжде тұрақты жоғары кәсіби оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санатты оқытушылар үлесі 45 %. Колледждің педагогтарының барлығы біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдірген. 2 педагог Түркия, Беларусь мемлекеттерінде біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. 11 педагог "ТжКБ цифрлық транформация. Халықаралық тәжірибе" тақырыбында Жапония, Финляндия мемлекеттерінің білім саласы бойынша халықаралық онлайн - тағылымдамадан өткен.

 Колледжде 300 орындық корпус, спорт зал, акт залы, асхана, жатақхана, 12 оқу кабинеті, шеберханалар мен зертханалар бар. Қазіргі заманға ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға Интернет желісіне қосылған  компьютер 37.

Колледж жетістіктері

Колледжге Қарағанды облысысының білім басқармасының 2016 жылғы 31 тамызындағы №300 бұйрығы бойынша модульдік және дуальдік оқыту бағдарламаларын еңгізу бойынша эксперименттік алаң мәртебесі берілген.

- 2019 - 2020 оқу жылында колледж студенті Тлеуқабыл Әділет, жетекші: Совет Арнұр Кәрімұлы, Омаров Турар Рымкулович "Автомобиль көлігі" бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысы аясында өткізілген облыстық макеттер, стендтер, модельдерсайысында "Үздік оқу стендтері" номинациясы бойынша жүлделі 1 орынды жеңіп алған.

- Колледж студенті Мұқтар Марслан, жетекші: Омарбай Қайрат техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы "WORLDSKILLS KARAGANDA - 2019" аймақтық чемпионатында "Ветеринария" құзіреттілігі бойынша 3 - ші орынды иеленген.

- Директордың оқу - өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, арнайы пән оқытушысы Қауазов Нұрғалы Қазкенұлы Ақтоғай ауданы әкімінің "Білім беру саласындағы үздігі - 2018" номинациясын жеңіп алған.

- Дуальді оқу жүйесін еңгізгені үшін колледж ұжымы Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен  марапатталған.

Тапсыруға қажетті құжаттар тізімі: 

Оқуға қабылдау туралы өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, білімі туралы құжат, №086-У формалары медициналық анықтама, флюросурет қаосымшасымен бірге, 3х4 сурет (4 дана).

Байланыс:

Мекен жай: 100200 Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6 үй. Қабылдау бөлмесі: +7 (71037) 2-13-09, Факс: +7 (71037)2-11-82
Email: Aktogai_14@mail.ru

72
Студент
8
Біліктілік
0
Бағыттары

Бізді қалай таба аласыз

+7 (710) 372 13 09
aktogai_14@mail.ru
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6 үй. Мекен-жайды картада көрсету
https://aatk.mycollege.kz/