Вернуться к Новости и События
Новость

Кәсіби бағдар 2025 жыл

Мемлекет басшысы жариялаған “Жұмысшы мамандықтар” жылы аясында 2025 жылдың 8 қазан күні “Ақтоғай аграрлық-техникалық коледжі” КМҚК -де “Кәсіп әлемі” кәсіби бағдарға бағытталған құзіреттілік орталығы салтанатты түрде ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Ақтоғай ауданының әкімі Аманжолов А.Б., аудандық мәслихаттың төрағасы Әбеуов Р.Б., Қарағанды облысының білім басқармасының өкілдері, мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, колледж директорлары, әлеуметтік серіктес мекемелер басшылары, мектеп директорлары, мектеп және колледж оқушылары, ардагер ұстаздар қатысты. Басты мақсат - мектеп оқушылары мен жастарға болашақ мамандықтарын саналы түрде дұрыс таңдауына жәрдемдесу, бағыт-бағдар беру, техникалық және кәсіптік білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

Ресми салтанаттан кейін қонақтар кәсіби бағдар беру кабинетінің бағыттарымен танысты.

*1- бағыт: “Жаңа мамандықтар атласы” - еңбек нарығындағы болашағы бар бағыттармен таныстыру.

*2- бағыт: “Сенің мансап жолың” - болашақ жұмыс орынын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру.

*3- бағыт “AI профориентатор” - кәсіби қызығушылықтарын анықтауға көмектесетін интерактивті элементтер.

Мектеп оқушылары кәсіби бейімділіктерін жедел анықтайтын тестілеуден өтіп, жаңа мамандықтармен және болашақ білім алу мүмкіндіктерімен танысты.

Сонымен қатар қонақтар Ақтоғай ауданының өнер мектебінің, К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін ресурстық мектебінің, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі,аудандық қосымша білім беру орталығының ұйымдастырған көрмелерін тамашалады.

Салтанатты шараның қонақтары кешенді жөндеуден өткен колледждің оқу кешенінің ғимараты, жаңадан жабдықталған акт залы, әлеуметтік серіктес “Irkaz Metal Corporation” ЖШСтау-кен компаниясының демеушілігімен жабдықталған оқу-әдістемелік кабинетімен танысты.

Кәсіби бағдар беру кабинетін ашу - аймақтағы кәсіби бағдар беру жүйесін дамытудың және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болды.


Медиа новости

1 из 10

Другие новости и события по теме

Новость
14 октября 2025 г.
Выбор профессии — выбор будущего

Подробнее
Новость
14 октября 2025 г.
Кәсіби бағдар 2025 жыл

Кәсіби бағдар 2025-2026 жыл

Подробнее
Новость
14 октября 2025 г.
2024 жылы қараша айында Астана қаласында өткен Жұмысшы мамандықтар жылы: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуының жаңа векторы республикалық форумы

Подробнее
Новость
14 октября 2025 г.
Ұлттық мереке Республика күніне арналған аудандық ресми жиында колледжіміздің өндірістік оқу шебері Айбосын Қ.Р Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, оқытушы Төлеуғазы А.Т Алғыс хатпен марапатталды.

Ұлттық мереке Республика күніне арналған аудандық ресми жиында колледжіміздің өндірістік оқу шебері Айбосын Қ.Р Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, оқытушы Төлеуғазы А.Т Алғыс хатпен марапатталды.

Подробнее

Как нас найти

+7 (710) 372 13 09
akt-koll-6770@bilim09.kz
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Нарманбет көшесі, 6 үй. Показать адрес на карте
https://aatk.mycollege.kz/