Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, колледжге білім алушылар контингентін тарту жоспарына сәйкес, Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 9 сынып оқушылары колледжде оқытылатын мамандықтармен танысты. Мектеп оқушылары колледжде ашылған Кәсіби бағдарға бағытталған құзіреттілік орталығының жұмысымен танысып, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар атласы, алдыңғы қатарлы оқу орындары және болашақ жұмыс орындары туралы ақпараттар алып, кәсіби бағдар беру кабинетінде өздерің бейімділіктерін анықтау мақсатында жедел тестілеуден өтті.
Новость
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар
26 ноября 2025 г.
Медиа новости
1 из 5